Коммунальное Государственное Учреждение Школа-центр дополнительного образования 43" акимата города Нур-Султан
Наши новости
АСТАНА ҚАЛАСЫ «№ 43 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП-ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ МКК БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДЫҚ ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

«№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК
Мекен-жай: Астана қаласы, Мичурино т/а, Бастау көшесі,2
Пошталық мекен-жайы: Z01A7D5 (010000) Мичурино т/а, Бастау, 2
Электрондық мекен-жайы:
Телефон номері: 8(7172)298393
«№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК
Мекен-жай: Астана қаласы, Мичурино т/а, Бастау көшесі,2
Пошталық мекен-жайы: Z01A7D5 (010000) Мичурино т/а, Бастау, 2
Электрондық мекен-жайы:
Телефон номері: 8(7172)298393
- Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1
Міндеттері:
* Мектептің оқу-ағарту процесстеріне белсенді қатысу, ұйымдастыру;
* Білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады;
* ҰББДҚ (НОБД) ақпараттық жүйесінің жүргізілуін, толтырылуын қамтамасыз етеді
* «Күнделік» жүйесінің толтырылуын қамтамасыз етеді;
* Оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;
* Қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;
* Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;
Талаптары:
* Оқу-ағарту бағытында жұмыс өтілімі 3-4 жылдан кем емес.
* Жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім (педагогикалық);
* Оқу-ағарту бағытының жаңалықтарымен таныс болу;
* Санатының болуы;
Кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптар:
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика мен психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.08.2024-23.08.2024
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы + портфолио
Конкурсты өткізу мерзімі: 26.08.2024
165 просмотров
Добавлено: 07.08.2024 в 09:00